11-лекция
Тақырыбы:. Білімнің білік пен
дағдыға айналуы.
Мақсаты: Білімнің білік пен
дағдыға айналу тәсілдерін меңгерту.
Жоспары:
1. Білімнің білікке айналуы
2. Білімнің дағдыға айналуы
1.Білімнің білікке
айналуы
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін
оқыту 2 бағытта жүзеге асады. Оның 1-бағыты:
Айнала дүние және табиғат туралы бала- ларда білім
қалыптастыру.
Оқушыларға
«табиғат–адам–қоғам» арасында диалектикалық бірлікті
жүйе екендігін түсіндіру. Осы жүйені құрайтын
әр компоненттің ерекшеліктері мен қасиеттерін, орнын танып білу.
Бұл білім ары қарай жеке ғылымдар мысалы, биология,
география, химия, экология, физика пәндері арқылы
тереңдетіледі. Бірінші бағыт бойынша мына төмендегідей білім
қалыптасады:
- мектепке дейінгі білімді толықтыру,
- табиғаттану түсініктер негізі,
жанды, жансыз табиғат, олардың қасиеттерін;
- қарапайым географиялық
түсініктердің қалыптасуы (карта, глобус, жергілікті
бағдарлау);
- жер ғаламшары (планетасы) және
күн жүйесі жайлы мағлұматтар беру;
- адам тұлғасы, қарапайым
гигиенасы, тіршілік қауіпсіздігін білу;
- өлкетану материалдары жайлы білім қалыптасу.
2-бағыт
бойынша экологиялық білім мен табиғатты қорғау
жайлы тәрбие берілуі керек. Табиғатты қорғау -
дүниетанудың бүкіл курсының мәні болып табылады.
Басты назар балалардың табиғатты қорғау іс-шараларына
тікелей қатысуына жағдай жасауға, осындай жұмыстың
маңызын түсінуге бағытталуы тиіс. Оқушылар:
- тірі организмдер мен өлі
табиғаттың өзара байланысы және тәуелділігі туралы түсінік алады;
- негізгі табиғатты қорғау
іс-шараларымен танысады, бұл табиғатпен сауатты
қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастырады.
Балаларда қоршаған ортаға деген
дұрыс көзқарас қалыптасады, оны сақтауға
деген жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді, табиғат аясындағы
мінез-құлықтың белгілі бір нормасы түзіледі.
Мұның бәрі жеке бастың экологиялық
мәдениетінің қалып- тасуына жәрдемдеседі. Бұдан
басқа дүниетануды оқып-үйрену ғылым мен
ғылыми білімнің қоғамды дамытудағы және
қоршаған ортаны сақтаудағы ролін ашып көрсетуге көмектеседі.
Оқушыларда бастауыш мектепте дүниетану
пәнін оқу барысында «Адам-қоғам-табиғат» деп
аталатын үш дидактикалық блок бойынша мына төмендегідей білім
беріледі:
- күн жүйесі, олардың
қозғалысы, қасиеттері мен өзара бай- ланысы туралы;
- заттар мен денелер, олардың
қасиеттері туралы;
- табиғат құбылыстары туралы;
- жер планетасының тірі мекендеушілері
және олардың өлі табиғатпен байланысы, тірі
табиғаттағы процестер, өзгерістер туралы;
- табиғаттағы экологиялық
байланыстар және табиғат пен қоғам арасындағы
қайшылықтар;
- адамның шаруашылық әрекеттері,
табиғатты ұтымды пайдалану, адамның өмірдегі
жауапкершіліктері туралы.
Оқушылардың бойында бастауыш мектепте
дүниетануды оқу кезінде белгілі бір білім қоры,
бастапқы дағдылар мен машықтар, икемділік
қалыптастырылады. Бастауыш мектепте білім берудің жаңа стандартына
сәйкес биология, физика, химия, география, астрономия және экология
пәндері «табиғат» атты біртұтас блок құрайды.
Сондықтан бастауыш мектепте осы ғылымдар бойынша бастапқы
білімдер меңгерілуі тиіс. Атап көрсетсек:
Заттар мен денелер. Тірі және өлі
табиғат обьектілері. Табиғат элементтері және адам
жасаған бұйымдар.
Өлі табиғат. Қатты денелер,
сұйықтар, газдар. Ауа, оның құрамы,
қасиеттері, тірі организмдер үшін маңызы. Су, оның
қасиеттері. Заттың түрлі агрегаттық күйлерге
көшуі (судың мысалында). Табиғаттағы су айналымы.
Судың тірі ағзалар үшін маңызы.
Аспан денелері. Жұлдыздар мен планеталар.
Жер, оның формасы. Глобус – Жердің моделі. Ай – Жер серігі.
Жердің өз осінен айналуы, күнді айнала қозғалуы.
Күн мен Түннің ауысуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы.
Көкжиек, көкжиек сызығы. Әлем тұстары.
Тұсбағдар. Жергілікті жердің картасы, планы. План мен
картадағы шартты белгілер. Жербедері: жазықтар, таулар, төбе-
лер, жыралар. Су қабаты: өзен, көл, теңіз, мұхит,
тоған.
Пайдалы қазбалар мен тау жыныстары. Пайдалы
қазбалардың түрлері, қасиеттері, олардың
маңызы және адамның тұтынуы. Ауа райы (бұлт,
жауын-шашын, жел).
Тірі табиғат элементтері.
Саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар – тірі организмдер, олардың
қасиеттері; қоректенуі, тыныс алуы, өсу, көбею, даму.
Олардың табиғат үшін, адамдар үшін маңызы, оларды
қорғау шаралары.
Адам – табиғаттың саналы бөлігі.
Адамның тұлғасы, мүшелері, мүшелер жүйесі.
Адам тіршілігі үшін судың, ауаның, топырақтың,
өсімдіктердің, жануарлардың ролі, экологиялық
жағдайы. Адам-дардың табиғатқа тигізер оң
және теріс әсерлері. Тіршілік қауіпсіздік ережелері.
Қоғамдық орындардағы мінез-құлық.
2. Білімнің
дағдыға айналуы
Жоғарыдағы білімнен басқа,
оқушылар белгілі бір дағдыларды меңгеріледі:
- табиғи обьектілер мен жасанды заттарды,
тірі және өлі табиғат обьектілерін ажырата білу, оларды
сипаттау;
- өсімдіктер мен жануарлардың негізгі
топтарын, оларды айыра білу; әртүрлі табиғат зоналардың
өсімдіктері мен жануарларын тану; сол өлкенің
ауылшарушылық өсімдіктерін, жануарларын; бөлме
өсімдіктеріне күтім жасау, түрлі тәсілдермен
көбейту жолдарын меңгеру;
- табиғатқа өз бетінше
бақылау жүргізу; қарапайым тәжірибе жасай білу;
қарапайым зертханалық аспаптар, құрал-жабдықтар-
мен жұмыс жасай білу, қолдана білу;
- белгілі бір жерде бағдар жасау, картаны
сауатты пайдалана білу,
тұсбағдармен жұмыс жасай білу;
- өз өлкесінің негізі пайдалы
қазбаларын білу;
- жеке бас гигиенасының ережелерін білу, оны
орындау; зақымданған кезде қарапайым көмек
көрсету;
- табиғатты қорғау жөнінде
шамасы келген жұмысты орындай білу.
Оқып-үйрену процесі оқу
материалын меңгерумен қатар, балалардың
ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл
балалардың танымдық әрекетін төменгі деңгейден
жоғары деңгейге көшіру арқылы жүзеге асырылады.
Танымдық әрекеттің рецептілік
деңгейі. Мұғалім көрсетеді, түсіндіреді,
негіздейді, қорытынды жасайды. Оқушылар ақпарат- ты
қабылдайды.
Репродуктивтік деңгей. Мұғалім
түсіндіреді. Оқушылар түсіндіруді толығымен немесе
жекелеген сұрақтар бойынша қайталайды. Білімді
тиянақтайтын тапсырмаларды орындайды.
Эвристикалық деңгей.
Мұғалім жұмыстың жекелеген кезең- дерін орындау
жөнінде міндеттер қояды, оған оқушылар өз бетінше
нақты жауап табуы тиіс.
Зерттеу деңгейі. Мұғалім
тапсырма беріп, оның орындалуын бақылайды. Оқушылар
қойылған міндеттің шарттарын түсіну, шешімнің
жалпы жолын тауып, оны жүзеге асыруы, қойылған
сұраққа жауап беруі тиіс. Келтірілген мысалдан бір әдіс
– сөздік әдісі, әр
деңгейде әртүрлі жүзеге асатыны көрінеді; бала
деңгейі неғұрлым жоғары болса, оқушылардан
оқу құралдарымен жұмыс істеуде соғұрлым
дербестік көбірек талап етіледі.
Дене және заттар туралы сол
көрнекіліктерді көрсете отырып әңгімелеп
болғаннан кейін, мұғалім оқушыларға мынандай
проблемалық сұрақтар қояды. Мысалы, мына дене
қандай заттан жасалған? Әртүрлі заттан жасалған
бірдей денені атаңдар? Дене неден құралған? Дене мен
заттың айырмашылығы неде? Мұндай жағдайда объектілер
білім көзі болып табылады, яғни оларды анықтап бақылау
арқылы оқушылар мұғалімнің
сұрақтарына жауап іздеп табады. Ендеше бұл жағдайда
материалдарды меңгеру алдыңғы жолға
қарағанда белсенді жүреді.
Қажетті көрнекілік сол мезетте
көрсетілуі керек, алдын ала ашық іліп қою, бала зейініне кері
әсер етіп, қызығушылығын, ынтасын төмендетуге
әсер етеді.
Жаңа сабақты түсіндіру бекітумен және кейбір
мәселелерді дәптерге жаздырумен аяқталады. Дәптермен
жұмыс нәтижелі оқытуда өзіндік маңыздылығы
бар, яғни ұқыпты
жазуға үйрету, бақылаған жағдайларды, түрлі
қорытынды нәтижелерді дәптерге жазу, суреттер салу,
оқулықта жоқ мәліметтерді дәптерге жазып
алуға үйретеді. Сондай-ақ үй жұмысын орындайды.
Жаңа сөздер мен сөздіктер дәптерге дұрыс, сауатты
жазылуын қадағалау керек.
Бақылау
сұрақтары:
1.Білімнің білікке айналу кезеңдері қалай жүзеге
асады?
2. Бастауыш сынып дүниетану пәнінен берілетін стандарттағы
білім қалай сипатталады?
3. Білімнің дағдыға айналуы қалай жүзеге
асады?
4. Бастауыш сынып дүниетану пәнінен берілетін стандартағы
дағды деңгейі қалай сипатталады?
5. Білім арқылы жеке тұлғаның қалыптасу
критерий қандай?
Қажетті
әдебиеттер
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу
құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.
12-лекция
Тақырыбы:
Оқыту әдістері.
Олардың классификациясы
Мақсаты: Сабақ өтудің тиімді
әдістері мен оларды үйлесімді қолдану шеберлігін, сабақ
құрылымдарын түсіндіру әдістемелерін үйрету.
Жоспары:
1.Оқыту әдістері туралы түсінік.
2. Оқыту әдістерінің
жіктелуі (классификациясы).
1. Оқыту әдістері туралы түсінік
Әдіс- грек сөзі,
тікелей аударғанда зерттеу жолы, қандай да бір мақсатқа
қол жеткізу, нақты міндетті шешу тәсілін білдіреді.
Оқыту әдістемесінде әдіс деп әдетте оқу
пәнін меңгеруді қамтамасыз ететін тәсілдердің,
теориялық және практикалық іс-әрекеттердің
жиынтығы.
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің
мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамытып,
көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір
сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру
әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан
білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді,
соның нәтижесінде олар мұғалімнің
басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Оқушыларға,
біржағынан әдістердің қай-қайсысы болса да,
біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден,
мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс
істеуге көмектеседі. Белгілі бір әдіс сабақтың
мақсатына, оқу материалының мазмұнына және
танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі
бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие болады.
Бастауыш кластарда бір
сабақта бір ғана әдіс қолдану сирек пайдаланылады,
керісінше бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырылуы шарт.
Білім беру мақсаттарына нәтижелі қол жеткізу үшін
әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді екенін
анықтап алу қажет.
Оқыту әдістерін
жіктеп, топтауға негізгі дидактикалық белгілері алынады.
Бүгінде дидактикада таңдап алынған белгілердің
негізінде бірнеше әдістердің жіктеу тобын бөліп
көрсетеді. Мысалы; оқушылардың танымдық деңгейі
бойынша, мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің
сипатына, білім алу көзіне байланысты топтап, жіктелгені белгілі.
2. Оқыту
әдістерінің жіктелуі
(классификациясы).
Оқыту әдістерінің
негізгі классикалық мынадай тобы
белгілі;
1.
Сөздік
әдістері (баяндау немесе түсіндіру, әңгіме,
әңгімелесу,
оқулықпен жұмыс);
2.
Практикалық
әдістері (бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу
әдісі, практикалық жұмыстар, зертханалақ
жұмыстар, дидактика- лық ойындар);
3.
Көрнекілік
әдістері (иллюстрация түрі - плакаттар, кестелер,
суреттер, карталар, бейнелер, муляждар, макеттер және демонстрация
түрі-тәжірибелер, телекөрсетілімдер, бейнефильм- дер,
кодопозитивтер, компьютерлік
бағдарламалар).
Әр әдістің
өзіне тән қолдану ерекшіліктері бар. Айталық,
сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың білім алу
көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Білім
көздері бойынша бөлінген оқыту әдістері оқып
–үйрену кезінде бір - бірін толықтырады және жүйе
құра отырып, өзара әрекет етеді.
Бақылау
сұрақтары
1.Оқу үрдісінің түрлері?
2.Оқыту әдістері дегеніміз не?
3. Оқыту тәсілдерінің айырмашылығы қандай?
4. Практикалық әдістердің ерекшелігі қандай?
5.Көрнекілік әдістерінің ерекшелігі қандай?
6. Бақылау әдісі қалай жүзеге асады және
қандай маңызы бар?
Қажетті
әдебеттер
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу
құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.